Сарыағашта Халықаралық студенттер күніне орай фестиваль өтті

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Сарыағаш ауданында Халықаралық студенттер күніне орай «Студенттік алтын дәуірім» тақырыбында фестиваль өтті. Ауқымды шара аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының және ұйымдастырумен өткен шараға мәслихат депутаттары, партияның фракция мүшесі, кәсіпкерлер мен жастар жанашырлары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту және дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Фестивальде Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Полатов мен «Nur Otan» партиясы Сарыағаш ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құдірет Қыстаубаев студенттерді мерекелерімен құттықтап, үздік студенттерді және ұстаздарды арнайы аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Шара барысында Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжі, Арыстанбаб жоғары колледжі, Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі, Сарыағаш медресе колледждерінен келген өнерлі студенттер ән шырқап, би билеп, студенттік өмірден көріністер көрсетіп, жиналған жұртшылықтың көңілін бір серпілтіп тастады.

Соңғы жаңалықтар