+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

2021 жылғы 3 наурыз 05:45
Бөлісіңіз:
Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат- Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Ол өткен жылы мал ұрлығын жасап, жасырынып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында қолға түскен.

Сондай-ақ, сарыағаштық полицейлер мал ұрлығын жасаған мал союшы мен мал сатып алушы санатында тұрған 5 адамды ұстаған.

Аудан көлемінде мал ұрлықтарын болдырмау мақсатында түнгі уақытта полицейлерден жедел мобильді топтар құрылған.

Нәтижесінде қала шетіндегі 120 мал қора тексеріліп, мал тасымалдаумен айналысатын 15 автокөлік қаралған.

«4 автокөліктің малды құжатсыз тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабымен әкімшілік шара қолдану мақсатында аудандық ветеринариялық қызметке жолданды. Бұдан бөлек, «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуде» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT