+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Сарыағашта анасы мен баласы тәжікстандықтың автотұрақтағы 9 машинасын сатып жіберген

2020 жылғы 21 қыркүйек 11:10
Бөлісіңіз:
Сарыағашта анасы мен баласы тәжікстандықтың автотұрақтағы 9 машинасын сатып жіберген

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция басқармасына Тәжікстан Республикасының азаматынан биылғы мамырда шекара бекеті маңындағы автотұраққа қойған 9 автокөлігін белгісіз біреулердің сатып жібергені туралы арыз түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тараздықтарға пәтер алып беруге уәде берген алаяқ әйел қолға түсті Ақтаулық жүргізушінің көлігінен заңсыз ауланған 65 келі бекіре балығы табылды 22 жастағы шетелдік азаматтың көлігінен қылмысқа қатысы бар қару табылды

Осылайша жәбірленуші арада бірнеше айлар өткеннен кейін көліктері жоқ екенін біліп, полициядан көмек сұрайды. Аталған жайт АПБ-не ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркелді.

Кешенді шұғыл-іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктілердің жеке-басы анықталды. Олар жәбірленуші көліктерін сеніп тапсырып кеткен автотұрақта жұмыс жасаған әйел мен

оның ұлы болып шықты. Полицейлер қылмыс жасап, жасырынған күдіктілерді Қазығұрт ауданындағы туысының үйінен тауып, ұстады. Олар өз кінәларын толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылы алаяқтық жасап, 3,5 жыл мерзімге бас

бостандығы шектелген тұрғын қайта қылмыс жасаған. Анасын көндіріп, көліктердің алтауын Шымкент қаласында 5 миллион теңгеге сатып жіберген. Ал, қалғандарын Сарыағашта

бөлшектеп 2.5 миллионға өткізген. Ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратқан.

Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты зат ретінде алынған көліктер заңды иесіне

қайтарылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT