Сарыағаш ауданының әкімі ауылдарды табиғи газға қосу жұмыстарымен танысты

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев «Таскескен» автоматтандырылған газ тарату станциясына арнайы барып, табиғи газға қосу үшін атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аудан басшысы тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар бойынша тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, нәтижесін күнделікті баяндап отыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тегісшіл ауылдық округінде орналасқан АГРС-ке Тегісшіл, Құркелес, Жылға, Дарбаза ауылдық округтерінің 22 елді мекенін қосу жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы 11 елді мекенге ішкі жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, қосылуға дайын. Тағы 11 елді мекенге қосу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.

Жалпы, табиғи газ саласы бойынша бүгінгі таңда Сарыағаш ауданының 71 елді мекенінің 36-сы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш 50,7 пайызды құрап отыр. Аудан әкімі Жылға ауылдық округіне де барып, жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты. Аталған нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілмек. Мұхит Отаршиев ауылды аралау барысында біраз күттірмейтін жайттарды көріп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Осылайша, ауылдық округтегі өзекті болып отырған ауыз су, табиғи газ мәселесін шешу жолдары қарастырылатын болды.


Соңғы жаңалықтар