Сарыағаш ауданында «Түркістанның рухани керуені» кездесуі өтті

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Сарыағаш ауданында «Түркістанның рухани керуені» кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған шараға Қазақстанның 4 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, түрлі халықаралық біріншіліктердің жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов және Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов қатысты.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада аудан тұрғындарының мәдени және патриоттық сезімдерін қалыптастыру мен деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандыру мәселелері сөз болды.

Жиында ел мақтаныштары жастарға өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, өмірлік кеңестерін берді. Жарқын болашаққа бірге қадам басуға үндеді. Ақжүрек Таңатаров әсерлі әңгімелерімен жас спортшылардың спортқа деген қызығушылығын арттырды. Аудан тұрғындарымен қуана қауышқан Саят Медеуов ән шашуын тарту етті.

Соңғы жаңалықтар