+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Сарыағаш ауданында шаруалар бір жерден үш рет өнім алады

2020 жылғы 10 наурыз 13:44
Бөлісіңіз:
Сарыағаш ауданында шаруалар бір жерден үш рет өнім алады

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауыл округінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бір жерден үш рет өнім алу тапсырмасы ойдағыдай жүзеге асып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда биыл егістік көлемі 700 мың гектардан асады СҚО-да 300 шаруа жеңілдетілген несие алады - Құмар Ақсақалов Төтенше жағдайға қарамастан өнім тұтынушыларға уақтылы жеткізіліп отыр - Максим Божко

Мұнда қазірдің өзінде жылыжай көлемі 300 гектарға жеткен. Шаруалардың басым көпшілігі бір жерден үш рет өнім алу ісіне бейім. Солардың бірі – «Шухрат» шаруа қожалығы биыл 70 сотық жерге ерте пісетін қырыққабат егіп, алқашқы шабығын да бастап жіберіпті.


«Биыл ауа-райы шаруаларға өте қолайлы болып тұр. Соның арқасында біз алғашқы өніміміз – қырыққабатты қаңтар айында отырғыздық. Бұл дақылымыз мамыр айында піссе, артынша бұл жерге картоп егеміз. Картопты жинап бола сала, күзде пленка астына аскөк отырғызамыз», – дейді қожалық төрағасы Розмат Мелхозиев.


Айта кетейік, бүгінде Жартытөбе ауыл округінде жалпы егістік көлемі 1600 гектарды құрайды. Бұл егістік алқаптарында 997 шаруа қожалық еңбек етеді. Диқандардың басым көпшілігі ерте пісетін көкөніс дақылдарын өсірумен айналысады.

Нақтырақ айтсақ, негізгі дақыл – қырыққабат саналады. Ағын судан еш тапшылық жоқ. Осындай мүмкіндіктердің арқасында мұндағы шаруалар бір жерден үш рет өнім алуда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT