Сарыағаш ауданында мемлекеттік бағдарламамен кәсібін бастаған тұрғындар қатары көбейді

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданының халқы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көріп келеді. Аталған бағадарлама ауыл тұрғындары үшін кәсібін бастап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл ауданда аталған бағдарламаның шеңберінде 6 жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Жылға ауылдық округі Жылға елдімекенінің көшелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауылда жарықтандыру бағаналар мен арық-атыздар қойылып, аяқ жолдар төселуде.




Сондай-ақ, Сарыағаш қаласы мен Қабланбек, Жібек жолы, Құркелес және Қызылжар ауылдық округтеріндегі жалпы 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Осы жұмыстарды атқару мақсатында 186 жаңа жұмыс орны ашылса, қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы арқылы 93 азамат жұмысты болды.

Айта кетейік, ауданда арнайы құрылған мобильдік топ елдімекендерді аралап, жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға елімізде іске асырылып жатқан жұмыспен қамту жол картасы жобасының бағыттары мен жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері бойынша насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.


Соңғы жаңалықтар