«Сары» аймақтағы Атырау: Стационарларда 341 науқас жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Сары» аймақтағы Атыраудың инфекциялық стационарларында коронавирус инфекциясымен 341 науқас жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 43 адамнан қауіпті вирус табылған. Оның ішінде Атырау қаласынан 38 науқас бар. Сондай-ақ, Теңіз кен орнында – 2, Жылыой ауданында – 1 адам, Индерде – 1, Мақат ауданында 1 адам коронавирус жұқтырған.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 адам емделіп шықты. Қазір 528 адам үй

Жағдайында емделу үшін оқшауланды. Модульдік ауруханада – 118, №2 облыстық ауруханада – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 17, аудандық инфекциялық стационарларда 64 адам емделіп жатыр. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 пациент жатыр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін «сары» аймақтағы Атырауда коронавирус жұқтырғандар қалада көбейгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар