Сәрсенбіде Шымкент қаласында ауа ластануы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 3 ақпан, сәрсенбі күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның бір қаласында – Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Басқа шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Соңғы жаңалықтар