Сарапшылар жемқорлыққа қарсы сана-cезім қалыптастыру мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Л.Н. Гумелев Еуразия ұлттық университетінде «Үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға қатысуын кеңейту» тақырыбында онлайн режимдегі семинар кеңес өтті, - деп хабарлайды ҚаАқпарат.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа жалпы ұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен өткен шараға саяси партиялардың, «Атамекен» ҰКП-ның, Adaldyq alany жобалық кеңсесінің өкілдері, ЖОО ұстаздары мен студенттері қатысты.

Жиында халықтың құқықтық сауатын арттыру арқылы жемқорлық көріністеріне төзбейтін көзқарас қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде орын алуы мүмкін жемқорлық тәуекелдерін анықтап жою, үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілер дайындауға кірістіру мәселелері талқыланды.

Сарапшылық талқылауда Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов, елорда әкмінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Л.Н. Гумелев ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қатысты, Жаңару РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов сөз сөйлеп, ұсыныстарын айтты.

«Жаңару» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов семинар Ақпарат және қоғамдық даму мнистрлігі бөлген грант аясында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

«Бүгін бір үлкен жұмыстың басында тұрмыз. Осы айдың басында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің грант конкурсына қатысып, иегері болғанбыз. Грант сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді өзгертуге бағытталған. Бүгінгі семинар соның аясында ұйымдастырылып отырған шаралардың басы», - деді республикалық бірлестік төрағасы.

Шараны ұйымдастырушылар бүгінгідей пікірталас алаңдарында айтылған ұсыныс-пікірлер негізінде арнайы әдістеме жасалып, Zoom алаңында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша онлайн конференция өткізілетінін айтады.


Соңғы жаңалықтар