+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Сарапшы: Қазақстандық жастар жұмыста жасына байланысты кемсітуге тап болып жүр

2021 жылғы 17 қыркүйек 13:12
Бөлісіңіз:
Сарапшы: Қазақстандық жастар жұмыста жасына байланысты кемсітуге тап болып жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жастар жұмысқа орналасар кезде жас ерекшелігіне байланысты кемсітуге тап болып жүр. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жастардың 40 пайызы жұмыссыз жүр Жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер Қарағандыда өткен форумда талқыланды Аида Балаева жастардың дамуына қандай жағдай жасалатынын айтты

«Қазақстанда жастар саны артып келеді. Бірақ сонымен бірге олар белгілі бір қиындықтарға тап болуда. Жасына байланысты кемсіту, сапалы білімнің болмауы сияқты кеергілер бар. Ал пандемия олардың жағдайын қиындата түсті. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, пандемиядан зардап шеккен студенттердің табысы 3% - ға қысқаруы мүмкін. Салдарынан жылдық экономикалық шығын 2 млрд долларға дейін жетуі мүмкін», - деді Александра Молчановская.

Оның айтуныша, келешекте өңдеу өнеркәсібінде, көлік, банк саласында 85 миллионнан астам жұмыс орны автоматтандырылады.

«Бірақ олардың орнына жаңа мамандықтар пайда болады. Ал оған жарамды болу үшін адамдарға біліктілігін арттырып, технология көшінен қалмау керек», - деді сарапшы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, елімізде 2,2 млн адамның онлайн жұмысқа көшуіне мүмкіндік бар.

«Әркім жеке шешім қабылдап жатыр. Ресми статистика бойынша, қашықтан жұмыспен қамтылғандардың саны әзірге аз ғана. Ерекше инфрақұрылымды қажет етпейтін, компьютер мен телефон арқылы істелетін жұмыстардың көбі онлайн режимге ығысуы мүмкін. Ал шаштараз сияқты адамның қолымен істелетін кәсіптерді онлайн режимге жіберу мүмкін емес. Экономистер мен заңгерлер, мемлекеттік басқару саласының мамандары мен сарапшылар қашықтан жұмысқа ауыса алады. Бүгінде олардың саны – 2,2 млн адам», - деді Александра Молчановская.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT