Сарапшы: Электронды құжат қағаз жүзіндегі құжатқа тең

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова нотариат саласындағы реформаларды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген Қазақстанда электронды құжат алмасуды белсенді жетілдіру, мәмілелерді жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште және де электрондық нысанда жасау құқығы нотариустарға нотариаттық іс-әрекеттерді электронды нысанда жасау кезінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын немесе графикалық планшеттерді пайдалану құқығын заңнама жүзінде бекітуге мүмкіндік берді. Осы орайда қағаз жеткізгіштегі құжаттар бірте-бірте артта қалып бара жатыр: оларды үнемі өзіңмен алып жүруге ыңғайсыз, ылғи жалғыз данадағы құжатты жоғалтып алу және бүлдіріп алу қаупі болады. Заңмен мәні қағаз жүзіндегі құжатқа тең толығымен материалсыздандырылған электрондық түрдегі құжатты құру көзделген», - деді палата басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде нотариат туралы заңнаманы іске асыру барысын түсіндіру кезінде.

Оның айтуынша, нотариаттық құжатқа электрондық тізілім арқылы құрылатын, автоматты түрде деректер қорында тіркелетін және кейін өзгертуге жатпайтын, бірегей идентификациялық код - QR-код беріледі. Бұл құжатты бұрмалаудан сақтауға мүмкіндік береді.

Заңмен нотариуспен дайындалған электрондық түрдегі құжаттың қағаз жүзінде құжатқа, сонымен қатар қағаз жүзіндегі құжаттық электрондық түрдегі құжатқа теңділігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекет енгізіледі.

«Тәжірибеге келетін болсақ, бұл келесіні білдіреді.Нотариусқа қағаз жеткізгіштегі құжат ұсынылады. Нотариус оның электрондық түрдегі бейнесін жасайды және олардың теңділігін растайды, яғни бұл екі құжат мәтіндерінің ұқсастығын растайды. Нәтижесінде, бастапқы және туынды құжаттардың тең заңдық күші белгіленеді», - деді Әсел Жанәбілова.

Сонымен қатар, нотариус электронды түрде келіп түскен құжатты қағазға түсіріп, оның бірдейлігін куәландырады. Бұл тұрғыда электронды құжатты жасатқан тұлғаның қолы тексеруден өткені туралы көрсетеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай , биылдың 1 шілдесінен бастап нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі.


Соңғы жаңалықтар