Saqbol қосымшасын пайдаланушылар саны 100 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Saqbol қосымшасы қолданушыларға коронавирус инфекциясының таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулауға арналған. Республикалық деңгейде қосымшаның іске қосылуы туралы ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Saqbol мобильді қосымшасын ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп жасады.

Қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен байланыста болған адамдарды жасырын түрде іздеуге бағытталған. Оны пайдалану үшін тіркеу қажет емес. Бағдарлама жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды және жібермейді.

Хабарландыруды іске қосқан кезде, бағдарлама автоматты және жасырын түрде бұл туралы басқа пайдаланушыларға хабарлайды.

Осылайша, осы қосымша азаматтардың сақтығын арттыруға және жұқтырған адамдармен байланысы туралы уақытылы хабардар етуге көмектеседі.

ПТР тестілеуден өткеннен кейін SMS арқылы алынған 10 таңбалы кодты енгізу арқылы ПТР тестінің нәтижелерін алуға болады.

Тест қорытындысы ауру жұқтырғаныңызды көрсетсе – қосымшаны қолданушы басқа қолданушыларға ескерту үшін хабарлама жібере бастауына болады.

«Saqbol қосымшасын пайдалану үшін оны смартфонға жүктеп, Bluetooth функциясын қосу керек. Saqbol қосымшасы орнатылған басқа адамдармен тығыз байланыста болған кезде, сіздің смартфондарыңыз Bluetooth арқылы шифрланған идентификаторлармен алмасады. Әрбір идентификациялық бақылау сомасы оны жасағаннан кейін екі аптадан кейін пайдаланушының құрылғысынан автоматты түрде жойылады. ПТР тестінен өткен соң, пайдаланушыға ұялы телефон нөмірінде 10 таңбалы коды бар SMS-хабарлама келеді, оның нәтижесін білу үшін Saqbol қосымшасына енгізуге болады», - дейді ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 үшін оң нәтиже көрсеткен азаматқа соңғы 14 тәулік бойы екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде қосымшаның басқа пайдаланушыларымен байланысы туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Saqbol» мобильді қосымшасы 100 мың пайдаланушының белгісін еңсерді, олардың 100-ден астамы COVID-19 науқастарымен байланыс туралы хабарлама алды.

Хабарламаны алған пайдаланушылар қосымшада Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан кейінгі іс-қимыл туралы ұсынымдарымен таныса алады.

Аталған қосымша IOS және Android-та қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар