Сапасыз заң көмегі үшін сақтандыру төлемін қалай алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев сапасыз заң көмегі үшін сақтандыру төлемін қалай алуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңгерді таңдаған кезде, одан сақтандыру шартын сұрау керек. Сақтандыру шарты жоқ адвокат немесе заң консультантты жалдау қажетсіз деп санаймыз.

Сақтандыру шартын қараған кезде өтелетін сомаға назар аудару қажет. Бұл тұрғыда сізге сапасыз заң көмегі көрсетілсе, онда осы соманы талап ете аласыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол заң көмегі сапасыз жүргізілсе қандай қадамдар жасау керектігін түсіндірді.

«Егер қызмет сапасыз көрсетілгенін түсінсеңіз, онда сақтандыру компаниясына барып, заңгерге наразылығыңызды айтуыңыз қажет. Сақтандыру компаниясы сіздің өтінішіңізді қарастырады. Тиісті кемшіліктерді тапса, олар сақтандыру сомасын төлейді», - деді Бекетаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай , бүгін онлайн режимде халық алдында есеп беру кезінде Әділет министрі сапасыз заң көмегі үшін қазақстандықтар сақтандыру төлемін талап ете алатынын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар