Сапасыз үй салғандар заң алдында жауап беруі керек - Даниал Ахметов

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі сапасыз салынған үй мәселесіне қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен қаласының тұрғындары Даниал Ахметовке жаңа салынған көпқабатты үйдің сапасыздығына шағымданған болатын. Б.Момышұлы көшесіндегі 14-ші үйдің сыртқы қаптамасы 2020 жылдың соңынан бері бірнеше рет опырылып түскен.

Аймақ басшысы кеңейтілген әкімдік отырысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына аталған мәселені шешуді тапсырды.

«Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын мамандар өз міндеттерін дұрыс орындамаған. Соның салдарынан көпқабатты үй тұрғындары зардап шегуде. Осындай олқылыққа жол бергендер заң аясында жауап беруі керек. Қажет болса, сотқа жүгінеміз», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар