Сапархан Омаров шұжық өнімдерін өндіру 100 пайызға қашан жеткізілетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шұжық өнімдерін өндіру 100 пайызға қашан жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық өндіру көлемі 3 жыл ішінде 4 пайызға ұлғайып, 27,4 мың тоннаны құрады. Қамтамасыз етілу көлемі 61 пайыз деңгейінде.

Қазіргі уақытта балық өсіретін (акваөсіру) 5 кәсіпорын бар, сондай-ақ балық өңдеуші кәсіпорындар қуаты 10 мың тоннаға ұлғайтыла отырып, іске асырылу және жаңғыртылу сатысында тұр. Мұнда 44 мың тонна балық пен балық өнімі өндірілетін болады», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, тұщы су балығымен қамтамасыз етілу деңгейі жалпы қалыпты жағдайда, алайда негізінен балықтардың теңізде өсетін түрлері әкелінеді. Олар тауарлы балық шаруашылығында (акваөсіру) өсірілмейді.

Министрлік мәліметіне қарағанда, шұжық өнімдерін өндіру көлемі 3 жыл ішінде 21 пайызға (44,3 мың тоннадан 53,7 мың тоннаға дейін) ұлғайды. Елімізде өндірілген шұжық өнімдерімен қамтамасыз етілу көлемі 62 пайызды құрады. 2020 жылы қуаты 45 мың тоннаға ұлғайтылатын 3 ет өңдеуші кәсіпорын іске асырылу сатысында тұр, бұл қамтамасыз етілу көлемін 2021 жылға қарай 70 пайызға дейін, 2024 жылға қарай 100 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар