+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Сапархан Омаров елімізде ірі қара - 11 млн, қой - 24 млн бастан асатынын болжады

2020 жылғы 17 наурыз 10:52
Бөлісіңіз:
Сапархан Омаров елімізде ірі қара - 11 млн, қой - 24 млн бастан асатынын болжады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көкөніс фермерлік шаруашылықтар саны 65 мыңға жетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді Қазақстанда жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешіледі СҚО-да егіс алқабы бар агроқұрылымдарға мал ұстау міндеттелмек

«Етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығы салаларының даму әлеуеті зор. Мұнда отбасылық фермерлік шаруашылықтар өндіріс моделінің негізі болады. Олар өткізу, оқыту және ветеринарлық қызмет көрсету мәселелерінде бірігеді. Жер үсті және жер асты суларымен қамтамасыз етілген жайылым, ауыл халқы түріндегі еңбек ресурстары сияқты барлық қажетті ресурстар елімізде етті мал шаруашылығы саласын дамыту үшін жеткілікті және саланы инвестициялық тартымды етеді», - деді министр.

Оның айтуынша, етті мал шаруашылығы дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуы малшы фермерлердің жаңа санатын құруға мүмкіндік береді және фермерлік шаруашылықтар санын 20 мыңнан 65 мыңға дейін өсуіне, ірі қара мал санының 7,4 млн бастан 11,2 млн басқа дейін артуына, қой санының 19,1 млн бастан 24,3 млн басқа дейін көбеюіне, сиыр еті мен қой етін өндіру көлемінің 672 мың тоннадан 902 мың тоннаға дейін ұлғаюына ықпал етеді.

«Ауыл тұрғындары үшін 100 мыңнан 325 мыңға дейін жұмыс орындарын қамтамасыз етеді», - деді Сапархан Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT