Сапарбаев Жуалыдағы көне қалашықтың қазба жұмыстарымен танысты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Бурное-Октябрьск көне қалашығының қазба жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл аймақтың тұрғындары оны Баркуаб қалашығы деп те атайды. Араб саяхатшысы Убайдалла ибн Абдалла ибн Хордадбек жазбасында елді мекенді осылай деп келтірген. 1893 жылы Ұлы Жібек жолының бойындағы осы елді мекенді тапқан белгілі ғалым Василий Бартольдтің жазбаларынан бұл елді мекен туралы кездестіруге болады.

2018 жылы басталған қалашықтың қазба жұмыстары әлі бітпеген. 2018 жылға дейін бұл аймақта тек барлау экспедициялары жүргізілді.
«Арк ғылыми ұйымы» ЖШС директоры Ескендірбек Төрбековтің айтуынша, 2018-2019 жылдар аралығында біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр – біздің дәуіріміздің V ғасыры, біздің эрамызға дейінгі VI - XIII ғасырларға жататын 3 мыңнан астам көне жәдігер табылған.

Бүкіл қыш ыдыстар, қыш бұйымның сынықтары, тас диірмендер табылған.

Археологиялық жұмыстар облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізіліп келеді.

Облыс әкімі жәдігерлермен танысып, қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимаратқа аралап көрді. Аса бүлінбеген қабырғалар, күмбез түріндегі төбелер, кең дәліздер және шағын бөлмелер барынша сақталған. Археологтардың пайымдауынша, сол кездегі адамдар мұнда түрлі жоралғы-рәсімдер өткізген.

Бурное-Октябрьскі қалашығы Жамбыл облысының киелі жерлерінің географиясына енетін Қазақстанның оңтүстігіндегі Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағының бойындағы 37 негізгі туристік нысандар тізіміне кірген.

Ескендірбек Төрбеков қалашықтың өңірімізде ерте кезден-ақ сәулет, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, әсіресе егін шаруашылығының жақсы дамығандығының дәлелі екенін атап өтті. Сол кездегі ирригациялық жүйелердің бүгінгі күнге дейін бұзылмаған. Сондай-ақ, Еуропа елдері мен ежелгі Русьтен айырмашылығы бұл қалашық тұрғындары сол кезде-ақ су құбырлары және кәріз желісін салып, пайдаланған.

«Біздің халқымыз әрқашан Шығыс пен Батыс өркениеттері арасындағы байланыстырушы болған. Біздің ата-бабаларымыздан көптеген ғылым-білім, жаңа өнертабыс тараған. Әлем тарихында көшпелілердің ежелгі және ерекше өркениеті үлкен маңызға ие. Бұл осы қалашық аумағындағы қазба жұмыстары барысында тағы бір дәлелденіп отыр», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, қазба жұмыстарын Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері жүргізіп жатыр. Оған тек өңіріміздің ғана емес, сонымен қатар Түркістан облысынан да келген еріктілер атсалысуда.

Тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша «Asyl Mura» волонтерлік жобасын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы« республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
«Үлкен аумақты алып жатқан Бурное-Октябрьскі қалашығын Қаңлы империясының гүлдену кезеңіне жатқызуға болады. Қала орнында қазір Нұрлыкент, Теріс, Бақалы ауылдары орналасқан», - дейді Е.Төрбеков.

Соңғы жаңалықтар