Сапарбаев Қордайда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларымен танысты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілу жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аймақ басшысы Қаракемер, Сортөбе, Масаншы, Қарасу және ауқатты ауылдарындағы блок-бекеттердің жұмысын тексеріп, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының жеке құрамымен және Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерімен кездесті», - делінген облыс әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі облыстық штабтың отырысын өткізді. Онда Қордай ауданы аумағында тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі сондай-ақ Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың туыстарымен кездесті.


Соңғы жаңалықтар