Сапарбаев: ісін жаңа бастаған кәсіпкер қандай қолдау шаралары бар екенін білмейді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кезекті кеңесте кәсіпкерлік саласындағы қаржылық қолдау тетіктеріне қатысты бірқатар мәселелерді сараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, бүгінде бизнесмендерге кәсібін дамытуға тамаша мүмкіндіктер беретін түрлі бағдарламалар бар.

«Бизнестің жол картасы» аясында жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге 85 жоба субсидияланды, 1,1 млрд теңге сомасына 62 жобаға ішінара несиелік кепілдіктер берілді. Сондай-ақ, бес кәсіпорынға 286,4 млн теңге сомасына инфрақұрылым жүргізілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жалпы құны 49 миллиард теңгені құрайтын 136 жоба қаржыландырылды. Екі бағдарлама аясындағы жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға бағытталған.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 33,5 миллион теңгеге жеті жоба мақұлданды. Қазір таңда тағы 20 жоба қарастырылуда.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев «Атамекен Тараз» микрокредиттік ұйымы 401 кәсіпкерге 1,6 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсеткенін айтты.

«Тараз» ӘКК ӘКК ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Қаржауов тұрғындардың табысын арттыру пилоттық жобасы және «Егістіктен сөреге дейін» жобасы аясында қаржыландырудың қандай тетіктері ұсынылатынын жеткізді.

Кеңес барысында Бердібек Сапарбаев тұрғындардың мемлекеттік бағдарламалардан хабардар еместігін және өздерінің жаңадан бастаған кәсіптеріне қандай қолдау шаралары ұсынылатындығын білмейтіндігін атап өтті. Бұл орайда жиынға бейнебайланыс режимінде қатысқан бірқатар аудан әкімдеріне сын айтылды.«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мақсаты – тұрақты жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа орындарды ашу. Бұл өте маңызды. Дейтұрғанмен, аудандарда бағдарлама тетіктерін пайдалануға деген сұраныс төмен.

Неге? Мәселен, Жуалы ауданы тек екі жобаны ұсынған, ал Мойынқұм ауданында бірде бір жоба жоқ, - деп қатаң ескертті облыс әкімі.

Аграрлық салада да жұмыс қажетті деңгейде атқарылмай отыр. Мойынқұм мен Талас аудандарында ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы бөлінген қаржы толықтай игерілмеген. «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ арқылы қарастырылған қаржы да толықтай қажетке жаратылмаған.

Облыс әкімі осы орайда көрсеткіштерді жоғарылатып, мемлекеттік бағдарламалар туралы тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстарын жөнге келтіруді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар