Сапарбаев Елбасының мақтауы туралы: Мені жігерлендіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасыдан мақтау естіген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өзіне айтылған сөзге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлбетте, кез келген адам үшін бұл жағымды. Бұл сөз одан ары жақсы жұмыс жүргізу үшін мені жігерлендіреді», - деді Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингтен кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен бірге, Үкімет басшысының орынбасары бұрынғыша халық үшін ашық болатынын жеткізді.

«Мен жаңа лауазымды бар болғаны үшінші күн жұмыстамын. Бүгін сіздермен кездесіп отырмын – ашық екенімнің дәлелі осы болар. Бұрын да сондай болғам. Алдағы уақытта өзгермеймін. БАҚ өкілдерімен де әрдайым кездесіп тұрамын», - деді ол.

Еске сала кетсек, жақында ғана Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар