Санақта интервьюерлерді үйге жібермейтін болса, сенімді деректер алынбауы мүмкін- сарапшы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық сарапшы қазақстандықтардың нақты санын санақтың көмегімен ғана білуге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тұрғындарының үйлеріне 2021 жылғы халық санағының интервьюерлері келе бастады.

Дәстүрлі формат балама онлайн нұсқасымен қатар жүреді. Пәтерлерді аралау 1 қазанда басталып, 30 қазанға дейін жалғасады.
Осыған байланысты «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің президенті Арман Әубәкір қазақстандықтарды халық санағына қатысуға шақырады.
Оның пікірінше, санақтың онлайн әдісі жоғары деңгейде ойластырылыған және ұйымдастырылған.
«Үйде санақ жүргізу өте ыңғайлы, көп уақыт алмайды. Біздің еліміз осы тұрғыдан статистика саласындағы осындай прогресті мақтан тұта алады. Бәрі түсінікті, қиын емес. Қарапайым, дәл және қолжетімді», - дейді Арман Әубәкір.
Қазанның 1-30 қазан аралығында онлайн санақтан өтпеген алматылықтар мен ел тұрғындары оның дәстүрлі форматына қатыса алады.
Арман Әубәкір Қазақстанда тұратын отандастар мен шетелдік азаматтардан бұл процесстен шеттетілмеуін сұрады, өйткені санақ жүргізушілері барлық ақпаратты респонденттердің сөзінен жазып алады.
«Сіздің жауаптарыңыз статистикада ескеріледі. Азаматтар іс-шараның барлық жауапкершілігі мен маңыздылығын түсінуі керек. Ақпараттық жүйе қаншалықты дамығанына қарамастан, санақ кезінде алынған аналитиканың баламасы жоқ. Елдің байлығы –оның халқы екенін есте сақтау қажет, ал қазақстандықтардың нақты санын санақтың көмегімен ғана есептеуге болады», - деп есептейді «Адырна» бірлестігінің жетекшісі.
Арман Әубәкір егер халық санаққа қатысуды елемей бастаса, интервьюерлерді үйге жібермейтін болса, онда статисттер сенімді деректер алмайды, ал алдағы жылдарға бюджетті, әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау қажет екенін түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар