«Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» және «ҚТЖ» басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК басшылығына қатысты тергеу жүруде. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК басшылығына қатысты жеке компаниялардан пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Мемлекетке аса ірі мөлшерде 3,8 млрд. теңге сомасында залал келтірілді.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.


Соңғы жаңалықтар