«Самұрық-Қазына» отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жаңа сатып алу қағидасын əзірлеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ шарттары аясында Қазақстанның тауар өндірушілерін қолдау үшін "Самұрық-Қазына" əл-ауқат қоры жаңа сатып алу қағидасын əзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін "Интеграциялық процестерге байланысты Қазақстанның тауар өндірушілеріне қолдау көрсету" тақырыбында ОКҚ-інде өткен брифинг аясында "Самұрық-Қазына" Құқықтық департаментінің басшысы Жұматай Қорғанбеков айтып берді.

"Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына, сонымен қатар Кеден одағы негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болды. Сондықтан 2016 жылдан бастап қазақстандық тауар өндірушілер мен кəсіпкерлер қазіргі сатып алу туралы ережелерде көзделген жеңілдіктерді қолдана алмайды. Себебі, ДСҰ-ның өзге шарттары мен нормативтері бар. Келесі жылдан бастап тек жер қойнауын пайдаланушыларға арналған жеңілдіктер қалады. Жер қойнауын пайдаланушылар 2020 жылға дейін ауыспалы мерзімде қазір қолда бар жеңілдіктерді пайдалана алады", - дей келе ол жер қойнауын пайдаланушылар "Самұрық-Қазынаның" сатып алу туралы қағидаттарында көзделген жеңілдіктерді ғана пайдалана алатынын атап өтті. "Самұрық-Қазына" қазір жаңа сатып алу қағидасын дайындап жатыр. Сол қағида негізінде бөлек тарап ретінде жер қойнауын пайдаланатын субъектілердің сатып алу мəселелері арнайы тəртіп бойынша жүзеге асырылады", - деп толықтырды ол.

Соңғы жаңалықтар