«Самұрық-Қазына» Маңғыстауда газ тарифін өсіру мәселесін көтерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Сарша елді мекені Жылы жағажай аймағында газ тарифін өсіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында біздің қор жауапты 30 іс-шара ескерілген. Жалпы компанияның инвестиция көлемі 692 млрд теңгеден асады. Кешенді жоспарда аймақтың маңызды инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда, «Астрахан-Маңғышлақ» магистральды су тартқышын қайта жаңғырту, Кендірлі ауылында суды тұзсыздандыру зауытын салу, Қаражамбас кен орнында тұзсыздандыру зауытын салу, Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу, Бейнеу-Жаңаөзен құбырын қайта жаңғырту жобалары көзделген», - деген акционерлік қоғам басшысы кешенді жоспардағы бір жобаның қаржыландыру көзі әлі нақтыланбағанын ескертті.

«Сарша елді мекені мен Жылы жағажай аймағын газдандыру жобаларына жалпы құны 34 млрд теңге қаржы бөлу мәселесінің басы ашық қалып отыр. Бұған дейін ол бойынша бюджет қаражатын тарту көзделген болатын. Жоспар жобасында бюджет қаражаты қарастырылмаған. Республикалық бюджеттен қаражат алмай жобаларды орындау үшін газ бағасын өсіру қажет болады. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне тарифтердің қажетті өсімі бойынша біздің есебімізді қарауды тапсыруыңызды сұраймыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.


Соңғы жаңалықтар