«Самұрық-Қазына» биыл Үкіметке 120 миллиард теңге дивиденд төлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры биыл Үкіметке 120 миллиард теңге дивиденд төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесуде «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл Үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды. Ахметжан Есімов Президентке Ресеймен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.




Соңғы жаңалықтар