Салымшыларға инвестициялық табысы жайлы уайымдаудың қажеті жоқ – Зейнетақы қоры

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов наурыз-сәуір айларындағы инвестициялық өзгерістер туралы онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зейнетақы жинақтары түрлі валютадағы инструменттерге (акция, облигация, бағалы қағаздар) инвестицияланды. Инвестициялардың 2/3-сі - теңгемен, 1/3-і шетелдік валютаға салынған. Оның басым көпшілігі АҚШ долларына салынған», - деді Жанат Құрманов.

Оның айтуынша, наурызда АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 381-ден 488 теңгеге өсті.

Шетелдік валютаға салынған зейнетақы активтерінің тиімді қайта бағалануы наурыздағы активтердің 541,9 млрд теңгеге өсуін қамтамасыз етті.

Сәуірдің басында керісінше теңге бағамы АҚШ долларына қарағанда 448 теңгеден 425 теңгеге нығайды. Сол кезде зейнетақы активтерінің теріс қайта бағалануынан 179,7 млрд теңге көлемінде инвестициялық табыс азайған.

«Сәуірдің соңында таза инвестициялық табыс тағы өзгерді. 30 сәуірде АҚШ доллары 424,64 теңгеге төмендеді. Бұл өз кезегінде тағы да инвестициялардың қайта қаралуына әкеп соғады. Алайда жыл басынан бергі болжамға сенсек, инвестициялық табыс 0,5 трлн теңге болады. Салымшыларға наурыз-сәуір айындағы инвестициялық табысы жайлы уайымдаудың қажеті жоқ», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар