Салықтан босатылатын қызмет түрлері көрсетілген Үкімет қаулысы шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таяу күндері салықтардан және еңбекақы төлеу қорынан төленетін өзге де төлемдерден босатылатын қызмет түрлері қамтылған Үкімет қаулысы жарық көреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тақиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысы 31 наурызда жасаған мәлімдемесі барысында шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан және төлемдерден босатуды тапсырды. Ол жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасы, жарналар мен міндетті медициналық сақтандыру төлемдері және әлеуметті төлемдер сынды салық пен төлемдер қамтиды. Мұндай салық пен төлемдерден ірі сауда нысандары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен спорттық нысандар, қоғамдық тамақтану, қонақ үй мен туристік қызмет саласында жұмыс істейтін салық төлеушілер босатылады.

«Жеңілдіктер қолдану үшін қызмет түрлерінің тізілімі Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия тарапынан бекітілетін болады. Таяу уақытта салық пен еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан және төлемдерден босатылуға жататын қызмет түрлері көрсетілген Үкімет қаулысы шығады», - деді Мәди Тоқиев.


Соңғы жаңалықтар