Салыққа жеңілдіктер 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін қамтиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салыққа жасалатын жеңілдіктер 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолданылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнесті қолдау үшін салықтық жеңілдіктер қабылданды. Олар экономиканың түрлі салаларын қамтиды. Оның ішінде сауда, қоғамдық тамақтану, қонақ үй, туристік бизнес және қызмет көрсету саласындағы басқа да нысандар ескерілген. Салықтан босату мен ставкаларды төмендету әртүрлі мерзімде 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолданылады», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Премьер-Министр Үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шараларды іске асыратынын мәлім етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов төтенше жағдай кезеңінде салықты мәжбүрлеп өндіру тоқтатылатынын айтты.



Соңғы жаңалықтар