+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Салық төлеуден жалтарған елордалық кәсіпорын басшысы бес жылға сотталды

2020 жылғы 27 қазан 10:38
Бөлісіңіз:
Салық төлеуден жалтарған елордалық кәсіпорын басшысы бес жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атырауоблтяжстрой» ЖШС басшысына қатысты аса ірі мөлшерде салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жүргізуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық полицейлер жалғыз адамды жабылып ұрған он бұзақыны ұстады Жамбылда заңсыз сақталған 86 бірлік атыс қаруы тәркіленді БҚО-да алаяқ жұмысқа орналастырамын деп 35 тұрғынды алдап кеткен

Құжаттамалық салық тексерісінің актісіне сәйкес кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 млрд теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған. Салықтардың қосымша есептелуіне жалған шот-фактуралар жазып берген кәсіпорындармен келісімдер негіз болды.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кәсіпорын басшысына 3 жылға коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT