Салық рақымшылығы: Кәсіпкерлер 15 млрд теңгеден асатын қарыздарын өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың соңына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық рақымшылық жүргізілетіндігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет мәліметінше, бүгінгі күні 43 755 салық төлеуші салық рақымшылығын қолданып, 15,3 млрд теңге сомасындағы берешегін өтеді. Оларға 5,2 млрд теңге өсімпұл және 0,3 млрд теңге айыппұл сомасы есептен шығарылды.

Сондай-ақ, осы жылдың тамыз айынан жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық жүргізіліп жатыр. Салықтық рақымшылық аясында ел азаматтары өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелеріне орай негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегеріледі. Қазіргі уақытта 12,6 млрд теңге берешегін төлеген 549 мыңнан астам азаматтың 2,3 млрд теңге өсімпұлы есептен шығарылды.

«Осы жылдың соңына дейін санаулы күндер қалды. Осыған байланысты негізгі қарызды өтеуге және салықтық рақымшылықты пайдалануға асығыңыз», - деп ескертеді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар