Салық органдары қызметтерінің бірқатар көрсеткіштері жақсарды - «Сандж» зерттеу орталығы

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде «Салық органдарының қызметінің сапасына мониторинг жасау» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында Қазақстанның салық төлеушілері қауымдастығының тапсырысы бойынша «Сандж» зерттеу орталығының жүргізген зерттеулерінің қорытындысы таныстырылды.

Аталған зерттеу орталығының президенті Жанар Жандосованың айтуынша, сауалнамаға Қазақстанның 14 аймағынан, Астана мен Алматы қалаларынан 1633 шағын, орта және ірі бизнес субъектілері, 849 жеке тұлға, сонымен қатар қалалық және ауылдық жерлердің тұтынушыларына тікелей қызмет көрсететін 455 салық органдарының мамандары қатысқан.

«2008 жылға қарағанда кәсіпкерлер арасында да, халық арасында да салық органдары қызметтеріне қанағаттанушылық біршама өскен. Салық органдары жұмыстарының жақсы нәтижесі қызметтерді бейресми алу үлесінің 2008 жылғы 5 пайыздан, 2009 жылы 1 пайызға төмендеуі болды. Ал жемқорлықтың туындуына қатысты біршама тәуекел заңды тұлғаны жою, жеке кәсіпкерлікті тоқтау қызметтерін алған кезде орын алады», дейді Ж.Жандосова.

Оның атап өткеніндей, салық органдары қызметтерінің бірқатар көрсеткіштері жақсарған. Мәселен, қызметті уақытылы көрсетуі 80, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі - 82, әдептілігі - 84, олар көмек беруге дайындығы - 75 және қызметтер бойынша ақпарат беруі 75 пайызға артқан. Сондай-ақ шағымданушылардың үлесі 25-тен 11 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар