Салық комитеті алдына қойылған жоспарлы көрсеткішті толығымен орындады - Д.Ерғожин

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2009 жылы Салық комитетінің алдына қойылған жоспарлы көрсеткіш 60 пайыздық тосқауылдан асу керек болатын.

Аталған тосқауыл артығымен орындалды. Бұл туралы бүгін комитет төрағасы Дәулет Ерғожин «Салық органдарының қызметінің сапасына мониторинг жасау» атты дөңгелек үстел барысында білдірді.

«Тәуелсіз зерттеушілердің бағалауынша, салық органдарының қызметіне қанағаттанушылық жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан 85 пайызды, ал заңды тұлғалар тарапынан 90 пайыздық тосқауылды құрайды», деді Д.Ерғожин.

Кәсіптік субъектілердің салық қызметтеріне қанағаттану деңгейі 2008 жылғы 81 пайыздан 2009 жылы 85 пайызға өскен. Бұл орайда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында көрсеткіш өте жоғары. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Алматы облыстарында да жақсару динамикасының 20-40 пайызға артуы байқалады. Ал тұтынушылардың қанағаттану деңгейі Маңғыстау облысында ең төмен болып отыр.

Ведомство басшысының айтуынша, тұтынушылардың қызметтерге көңілі толмауының басты себептері - рәсімдердің түсініксіздігі мен қиындығы, қызметкердің жұмыс орнында болмауы, кезектің ұзақтығы, қызметкерлердің біліксіздігі сияқты жайттар болып отыр.

Соңғы жаңалықтар