Салық ең көп түсетін өңірлердің үштігі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Республикалық бюджетке 290,8 млрд теңге салық түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі МКК Салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша республикада бюджетке жалпы 290,8 млрд теңге салық түсті. Осылайша, өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда салықтық кіріс 20,2 млрд теңгеге артып отыр», - деді Дәулет Жарылғасынов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Департамент өкілінің айтуынша, өңірлер тұрғысынан алғанда айтарлықтай түсім Атырау облысы (41,5 млрд теңге), Алматы (37,0 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (30,1 млрд теңге) қалаларынан түскен.

«Салықтан аталған өңірлерден қаражаттың көп түсуінің себебі белгілі: Атырау – мұнайлы өңір, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары – халқы көп ірі қалалар. Салық салынатын көлік құралдарының саны 3,9 млн-ға жетті. Оның 3,6 миллионы жеке тұлғаларға тиесілі. Көлік саласындағы салық төлеушілердің саны – 2 784 185 жеке тұлға. Мүлік пен жер салығын төлеушілер саны шамамен 7,3 млн адам. Оның ішінде мүлік салығы бойынша 3,8 млн адам, жер салығы бойынша 3,4 млн адам салық төлейді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар