«Салық әмиянын» 7 мыңнан астам қазақстандық пайдаланған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда салық төлеу процесі одан әрі жеңілдетіліп, талап етіліп келген төлем құжаттары азайтылды. Бұл «Е – Salyq» мобильдік қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметінің арқасында мүмкін болды. Оны «App Store» және «Play Market»-тен жүктеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Казіргі кезде инновацияны 7 090 адам пайдаланды. Олар өздерінің жеке шоттарын 22,9 миллион теңгеге толтырды», - делінген ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметінде.

«Салық әмиянына» ақша жіберу арқылы салық төлеуші бірқатар жеңілдіктерге ие болды:

• «Салық әмиянынан» салық берешегін автоматты түрде есептен шығару;

• қарыз сомаларын бір салықтан екінші салыққа автоматты түрде аудару;

• төлем туралы хабарлама алу;

• негізсіз салық санкцияларын алып тастау;

• қате төлемдерді жою;

• салық салу объектілерін қарау.

Сондай-ақ, «Е – Salyq» мобильдік қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарауға, салықтың қандай көлік құралдарымен есептелгенін көруге мүмкіндік бар.

Бұл қызмет көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге, оны өз атынан шығаруға (сатуға) байланысты көлік құралын мәліметтер базасынан алып тастау үшін онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді.

«Іске қосылғаннан бастап, биылғы 19 қазанға дейін 7 493 адам түзету мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, оның – 7 312-сі көлікке, 117-сі мүлікке қатысты.

Интерфейсте тиісті сату құжаттарын немесе көлік құралының деректерін түзету жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.

Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап – 507 салық төлеуші артық төлемдерді басқару қызметін қолданып үлгерді.

Жалпы, порталға кіріп, мобильдік қосымшаны 96 263 адам жүктеп үлгерді.

Төленуге жататын көлік салығының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталы, egov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша аудандық Мемлекеттік кірістер басқармалары арқылы білуге болады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар