Салғырт құрылысшылармен келісімді үземіз - елорда әкімі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысан құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңілдікпен берілетін баспана салу рекордын биыл да қайталау үшін алғышарттарын былтыр-ақ дайындаған едік. Бірнеше әлеуметтік баспана ғимараты тұрғызылатын осы ауданда 2 мың оқушыға шақталған мектеп те салынып жатыр, осылайша, екі ауысымда оқитын қосымша 4 мың оқушы қамтылады», - деп жазды әкім Instagram желісінде.

Сонымен бірге, ол құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді, үйлер мен оқу нысандарының сапасын ерекше назарда ұстауды тапсырды.

«Салғырт құрылысшылармен келісімді үзіп, қара тізімге кіргізетін боламыз», - дейді А. Көлгінов.

Биыл, шамамен 10 мың - жеңілдікпен берілетін баспана тапсырылады деп жоспарланған. Салыстыру үшін: жеңілдікпен 2018 жылы - 1 100 пәтер, 2019 жылы – 2 900, ал 2020 жылы - 7 мыңнан астам әлеуметтік баспана берілген.

«Мемлекет басшысының нұсқауымен жеңілдікпен берілетін баспана құрылысын жүйелі түрде арттырып жатырмыз. Білім ошақтарының құрылысына келетін болсақ, биыл барлығы 40 мың орынға мектептер ашамыз. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есеге, ал 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Енді мектептерді габаритті етіп салуға көшпекпіз. Бұған қоса, 5-жылдық кешенді жоспарға сәйкес мемлекеттік 50 мектеп саламыз. Білім ошақтарының құрылысына жеке инвестиция да тартылып жатыр», - дейді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар