Сахнада инсульт жайлы қалжыңдаған британдық әртіс сол жерде о дүниеге аттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 60 жастағы британдық күлдіргі әртіс Яну Когнито Британияның Бистер қаласындағы барда өнер көрсетіп жатып, өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды ВВС.

Когнито сахнада тұрып, инсульттан кейін оянғанда валий тілінде сөйлей алатынын айтып, қалжыңдаған. 10 минуттан кейін жағдайы күрт нашарлап, сахнадағы орындыққа отырған.

Жүргізуші Эндрю Бердтің айтуынша, халық не болғанын бірден түсіне қоймаған. Бірнеше уақыт бойы зал оның әрекетін актерлік ойынға балап, күлкіге ерік берген.

Когнито сахнаға шығар алдында өзін нашар сезінген, алайда өнер көрсетуге бел буған.

Когнито ауыр тыныс алып, бірнеше минут бойы орындықта қозғалмай отырған. Жүргізуші де оны қойылым жасап жатыр деп ойлаған. Кейін Берд оны тексеру үшін қасына барады.

Келген дәрігерлер Когнитоның сахнада қайтыс болғанын растады.

Когнито (шын есімі - Пол Барбьери) 1958 жылы Лондонда дүниеге келген және 80-жылдардың ортасынан бері өнер көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар