Сахалинде бөлінген мұз үстінде қалған 44 балықшы құтқарылды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС -ҚазАқпарат – РФ ТЖМ қызметкерлері Найба өзенінде бөлінген мұз үстінде қалған 44 балықшыны құтқарды. Бұл туралы РФ ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Сахалиннің оңтүстік-шығысындағы Найба өзеніндегі мұзда 1 300-ге жуық балықшы мұз қақпанына түсіп қалған. Құтқарушылар 44 әуесқой балықшыны жағаға жеткізді», -деп хабарлады ведомствода.

Желдің салдарынан мұз жарылып, жағадан 100 м қашықтықта ені шамамен 50-100 см болатын жарықшақ пайда болған. Қ ұтқару операциясына, 23 адам мен 16 техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар