Сағынтаев жаңа мәслихаттың алдынағы сөзінде Алматының өзекті міндеттерін атады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бақытжан Сағынтаев жаңа мәслихаттың алдына сөйлеген сөзінде қаладағы өзекті міндеттерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

VII шақырылымдағы қала мәслихатының бірінші сессиясында сөз сөйлеген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бірқатар өзекті міндеттерді атап өтті,. Оларды шешуге мәслихат депутаттары мегаполис әкімдігімен бірге кірісетін болады.

Басты бағыттардың бірі – жұмыс орындарын құру. Алматы әкімінің тапсыруы бойынша қалада жұмыссыздықты азайту жөнінде Жол картасы әзірленуде. Негізгі мақсат – жұмыссыздық деңгейін алдағы бес жылда 5,1%-ға дейін төмендету. Сонымен қатар, орташа жалақыны 320 мың теңгеге дейін арттыру және 240 мыңнан астам жұмыс орнын құру.

«Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында қала шетін дамыту және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы бюджеттен 85 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жалпы, жыл ішінде барлық қаржы көздерінен шамамен 200 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарда. Қаланы толық жарықтандыру бойынша жұмыстар жүруде, мұнда жарық мүлдем болмаған орындарға ерекше назар аударылды. Тек 2020 жылы 1,4 мыңнан астам көше жарықтандырылды, биыл тағы 600-ден астам көшені жарықтандыру қажет. 2023 жылға қарай біз қала тұрғындарының 99,3%-ын сапалы ауыз сумен, 100% газ және көшені жарықтандырумен қамтамасыз етуіміз қажет»,- деді әкім.

Шағын және орта бизнест қолдау мақсатында жүйелі шаралар қабылданды. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында жыл сайын шағын және орта бизнеске кемінде 30 миллиард теңге несие бөлінеді. 5 жыл ішінде қаланың ЖӨӨ-де ШОБ үлесін 40%-дан 45%-ға дейін арттыру жоспарда.

Бес жыл ішінде NEET санатындағы 3 мыңнан астам жас буын кәсіби оқудан өтеді. «Жасыл ел» аясында 5 мың жас уақытша жұмыс орындарымен қамтылады. 25 ЖОО-да 16 мың орындық 38 жатақхана, колледждерде 600 орындық 2 жатақхана салынады. Жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмысшы жастарға 5 мыңнан астам пәтер беріледі деп күтілуде.

Биыл халықты әлеуметтік қорғауға 39,9 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында ағымдағы жылы 12600 орындық 8 мектептің, 8388 орындық 17 жаңа корпустың (қосалқы нысан), 640 орындық 4 мемлекеттік балабақшаның құрылысын аяқтау көзделген. Денсаулық сақтау саласында 5 нысан салынатын болады.

Экология саласында ЖЭО-2 модернизациялау бес жыл ішінде аяқталады, қатқыл тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен утилизациялаудың үлесі 11%-дан 24%-ға дейін артты, қаладағы жасыл алқаптар аумағы 14 млн шаршы метрден 16,8 млн шаршы метрге дейін ұлғайды.

Сессия соңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңарған мәслихат депутаттарын алматылықтардың өмірін жақсарту жөніндегі алда тұрған міндеттерді шешу үшін күш-жігерлерін біріктіруге шақырды. Сонымен қатар, мегаполис әкімі мәслихаттың жаңа саяси рөлі оның қала тұрғындарымен байланыстағы маңызды коммуникациялық буын екенін ерекше атап өтті.

«Сіздердің қалалықтармен белсенді жұмыс жасайтындарыңызға сенімдімін», - деді Б. Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар