Сағынтаев субұрқақта адамдарды тоқ соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Сағынтаев субұрқақта адамдарды тоқ соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін»,- деп жазды Тwitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.

Кейін әкімдік аталған оқиғанын мән- жайын түсіндірді. https://www.kazinform.kz/kz/almatyda-suburkakta-balalardy-tok-sokty-akimdik-man-zhaydy-tusindirdi_a3803097

Сонымен қатар, «Eco Almaty» ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова ол жерде «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.



Соңғы жаңалықтар