Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қадағалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу процесін ұйымдастырудың жағдайларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында №7 арнайы түзету мектеп-интернатында болды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Іnstagram парақшасында жаңа тоқсанның басталуына орай мектептерде кезекші топтардың саны артқанын атап өтті.

Мұндағы ең осалы – мүмкіндігі шектеулі балалар.

«№7 арнайы түзету мектеп-интернатында болып, оқу процесінің ұйымдастырылуымен, қолға алынған санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларымен таныстым», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Мектепте 216 бала білім алады. Одан басқа 200 балаға үй жағдайында сабақ беріледі. Әлеуметтік-психологиялық оңалту мен бейімдеу, шығармашылық әлеуетті дамыту мен еңбекке баулу үшін барлық жағдай жасалған. Тігін немесе ағаш ұстасы ісінің қыр-сырын меңгере отырып, жасөспірімдер 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, мамандық алады. Сондай-ақ мұнда емдік дене шынықтыру, музыка мен би бойынша сабақтар өтеді.

«Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасайтын боламыз. Ата-аналарының шыдамдылық танытқаны маңызды. Өйткені, ерекше балаларды әлеуметтендіру процесі оңай емес», - деп атап өтті Алматы әкімі.



Соңғы жаңалықтар