Сағынтаев емханалардағы МӘМС жұмысымен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев емханалардағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы Орталық қалалық клиникалық аурухана мен №4 қалалық емханаға барып, емдеу мекемелерінің МӘМС жүйесі бойынша қалай жұмыс істеп жатқанын тексерді.

Сағынтаев жаңа жүйе бойынша медициналық көмек көрсету жұмысымен танысты.

Ақпараттық жүйе мен медициналық қызметкерлердің дайындығын, пациенттердің бұл жүйеге деген пікірін тыңдады. Медициналық ұйымдарда қолдау қызметтері жұмыс істейді. Онда тұрғындарға емханаға тіркелуге және МӘМС жүйесінің қатысушысы болуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, МӘМС-ке төлем жүргізу үшін терминалдар саны артатын болады.


Ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеліп, мәртебесіне қарамастан МӘМС шеңберінде медициналық көмекке жүгіне алады. 1 сәуірден бастап барлық азаматтар сақтандырылуы тиіс. Өйткені медициналық қызметтердің толықтығы мен сапасы осыған байланысты болмақ.

«Алматылықтарды денсаулыққа қатысты маңызды мәселені кейінге қалдырмай, емханаға жүгінуге шақырамын», – деп жазды Б.Сағынтаев өзінің ресми Instagram парақшасында.


МӘМС-ті енгізу процесіне қалалық штаб жетекшілік етеді. Туындаған сұрақтар бойынша +7 (727) 300-0103 телефонына және 1406 нөміріне республикалық Call-орталығына хабарласу қажет.


Соңғы жаңалықтар