Сағынтаев Алматының «жасыл» аймаққа өтуіне қатысты: Босаңсуға әлі ерте

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы «жасыл» аймаққа өтті, дегенмен босаңсуға әлі ерте. Бұл туралы қала басшысы «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы «жасыл» аймаққа көшті, бірақ бұл коронавирус инфекциясы дертінің жаңа толқынының қауіпті екенін жоққа шығармайды. Бүгінде Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы жалғасуда. Бұл ұжымдық иммунитеттің 56,2 пайызға жетіп, шектеу шаралары мен карантин талаптарын сақтаудың арқасында мүмкін болды», - деді ол.

Оның айтуынша, коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін «сары» аймақтағы талаптарды сақтауды «жасылға» көшкеннен кейін кемінде 7 күн бойы жалғастыру қажет.

Объектілер мен қоғамдық орындардағы «сары» аймақтың талаптары 21 қарашаға дейін сақталады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын COVID-19 қауіпті екенін ұмытпауға шақырды.

«Еуропа елдерінде, сондай-ақ Ресейде дерттің жаңадан өршуі байқалады. Егер алматылықтар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтамаса және вакциналануды жалғастырмаса, онда КВИ дертінің жаңа толқынының қайталану қаупі сақталады»,- дейді Бақытжан Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар