Сағынтаев алматылық өндірушілерді қолдауды тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданындағы жеңіл өнеркәсіп орындары мен полиэтилен құбырын шығаратын зауытта болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов ауданындағы «Спира-Берга» зауытында газ және су құбырының инженерлік желілеріне арналған полиэтилен құбырлары шығарылады. Зауыттың өндірістік қуаты жоғары, мұнда жылына 8 мың тоннадан астам өнім дайындалады. Сондай-ақ, 75 жұмыс орны құрылған.

Қала әкімі алты желі арқылы атқарылатын өндіріс үрдісімен танысты. Жұмыс процестерінің басым бөлігі автоматтандырылған, оның ішінде цифрлық бақылау және барлық жұмыс тораптары мен агрегаттарының параметрлерін басқару да бар.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кәсіпорын өз жабдықтарын модернизациялауда. Ал, бұл, жұмыс сапасын арттырып, құбырларды механикалық және ультракүлгін сәулелерден зақымданудан қорғайды. Зауыт Алматының су, газ, кәріз құбырларына, сонымен қатар кабельдерді суару және құрғату жүйелерін қорғайтын құбырларға деген сұранысын қамтамасыз ете алады.

Бақытжан Сағынтаев құбырлар ассортиментін игеруді және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына мердігерлік компаниялармен бірге кәсіпорындардың тапсырыс беру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Алматы әкімі «Мануфактура 24» ЖШС әйелдердің дизайнерлік киімдер шығаратын өндірістік цехына да барды. Мұнда 24 адам жұмыс істейді.

Шаһар басшысы қалағ белгілі бір тауарларға және қызметтерге деген сұранысты қанғаттандыратын әрі сапалы жұмыс орындарын ашатын осындай шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қажет екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар