Садыр Жапаров ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Бүгін өткен ұлықтау рәсімінде Садыр Жапаров ант берді. Одан кейін Қырғызстан Орталық сайлау комитетінің төрайымы Нұржан Шайлдабекова Садыр Жапаровқа президент куәлігін, төсбелгі және штандартты табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, Садыр Жапаров ресми түрде президент қызметіне кірісті.

Ресми рәсімге бір мыңнан астам қонақ қатысты. Атап өткенде, елдің танымал қайраткерлері, Жогорку Кенеш депутаттары, экс-президенттер, парламенттің бұрынғы спикерлері, бұрынғы премьер-министрлер, Қырғызстан конфессияларының басшылары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар және қарапайым азаматтар қатысты. Сондай-ақ рәсімге Жапаровтың өткен сайлаудағы қарсыластары шақырылды.

Еске сала кетсек, 10 қаңтар күні Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы болып өтті. Сайлау қорытындылары бойынша 79,2 пайыз дауыс жинаған Садыр Жапаров жеңіске жетті.


Соңғы жаңалықтар