+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Садриддин Ахмедов нокаутпен аяқтаған жекпе-жегінен кейін дисквалификацияланды

2019 жылғы 10 желтоқсан 09:56
Бөлісіңіз:
Садриддин Ахмедов нокаутпен аяқтаған жекпе-жегінен кейін дисквалификацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовке биылғы 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы WBO титулының иегері Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырды Головкиннің айқасын 2020 жылы болатын үздік жекпе-жектер тізіміне енгізді «Канелоның» келесі айқасы қашан өтетіні белгілі болды

Еске салсақ, 7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласында Давид Лемье (41-4, 34 КО) мен Максим Бурсактың (35-6-2, 16 КО) бокс кеші өтті. Оның аясында Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) те кезекті жекпе-жегін өткізді. «Солдат Q»-дың қарсыласы аргентиналық боксшы Хосе Антонио Вильялобос (12-6-2, 7 КО) болды. Он раундқа есептелген жекпе-жек жетінші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Ахмедов оппонентін ауыр нокаутқа жіберді.

Жекпе-жектен кейін Квебек провинциясының Бокс комиссиясы екі спортшыға да шектеу қойды: Ахмедовке 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынса, Вильялобос мерзімсіз «бан»-ға жіберілді. Бұл шара медициналық көрсетілімдер бойынша қолданылды, себебі қос боксшыға да жекпе-жектен кейін қалпына келу қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT