Садриддин Ахмедов аргентиналық қарсыласын нокаутқа түсірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Монералда Ахмедов аргентиналық Хосе Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) кездесті. Садриддиін жетінші раундта қарсыласы терең нокаутқа жіберіп жеңімпаз атанды.

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірердің алдында-ақ бұрыш-тан-бұрышқа қуалап, соққының астына алған.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек болатын. Садриддин олардың 4-уін мерзімінен бұрын аяқтады. Ахмедовтің осымен кәсіби рингте 11 жеңісі бар және ол өзінің жеңісті жолынан жаңылмай келеді. Ал Вильялобос үшін бұл алтыншы жеңіліс.

Соңғы жаңалықтар