Сәдібек Түгел Қарағандыда қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Президенттікке үміткер Сәдібек Түгел және оның сенімді өкілдері қала орталығындағы XX ғасырдағы жазықсыз жаза құрбандарына арналған ескерткішке барып, гүл шоғын қойды. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Біздің демографиямызға зардабын тигізген, «қызыл қырғын» атанған қолдан жасалған ашаршылық пен ұлтымыздың бетіне шығар қаймағын қалқып алған қуғын-сүргін жылдары ұрпақ жадынан ұмытылмақ емес. Алашорда идеясының бастауында тұрған алаш ардақтылары Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевтар - осы Қарағанды өңірінің перзенттері. Ел азаттығы үшін басын бәйгеге тіккен талай ұлт зиялылары Карлагта отырып, жазықсыз жапа шекті. Бүгін - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Болашақ ұрпақ мұндай қайғы-қасірет көрмесін, еліміз алға дамып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақ аға буынның ел тәуелсіздігі жолындағы күресі мен қажырлы еңбегін естен шығармайды деп сенемін»,- деді кандидат Сәдібек Түгел.

Оның сөзінше, бес миллионға жуық қуғын-сүргін құрбандары ел аумағындағы АЛЖИР, Степлаг, Карлаг секілді лагерьлерге жазықсыз қамалған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымға белгіленген. Оған кандидет ретінде 7 үміткер тіркелді.

Соңғы жаңалықтар