«Сабыр түбі - сары алтын» мәтелінің аясында өмір сүретін кезеңі келді - Жамаледен Ибрагимов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі қазіргі жағдайға әр азамат бей-жай қарамауы тиіс. Бұл туралы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы Жамаледен Ибрагимов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасау арқылы елдегі жағдайды толық талдап, баяндап берді. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды айқындап, атқарушы билікке тағы да нақты міндеттер жүктегенін айтты. Әрине бүгінгі таңдағы жағдайға әр азамат бей-жай қарамауы тиіс. Нағыз жауапкершілікті түсініп, құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқандығымызды ұмытпауымыз қажет. Жалған ақпарат таратып, дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға жол бергендер заңның аясында жауапқа тартылуы тиіс», - деді ол.

Заңгердің атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігі, медицина саласының қызметкерлері тың бағытта жан-жақты әрі жүйелі жұмыс атқаруға дайын болуға міндетті.

«Сабыр түбі - сары алтын» мәтелінің нақты аясында өмір сүретін кезеңі келді. Әрбір қазақстандық қиындықтарды түсіне біліп, шыдамдылық танытып, мемлекет тарапынан істеліп жатқан шараларға үлес қосуы тиіс. Мемлекет басшысының елдің қамын ойлап, жұмылып іске кірісуге шақырған бұл үндеуі дер кезіндегі әрі қажетті мәлімдеме деуімізге болады«, - деді Жамаледен Ибрагимов.

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасап, онда 13 шілде күні Ұлттық аза тұту күні деп жарияланатындығын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар