Саакашвилидің жаңа қызметке тағайындалуына байланысты Грузия Украинадағы елшісін кері шақырды

None
None
КИЕВ. Укринформ-ҚазАқпарат – Грузия үкіметінің шешімімен Грузияның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Теймураз Шарашенидзе консультация үшін Тбилисиге шақырылады. Бұл жағдай Михаил Саакашвили Ұлттық реформа кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалғаннан кейін болып отыр, деп хабарлайды Укринформ.

Грузия бірінші арнасының мәліметінше, бұл жөнінде Грузияның сыртқы істер министрі Давид Залкалиани мәлімдеген.

«Алдында Саакашвили ұсынған лауазым деңгейінің төмендеуі және оның Ұлттық реформа кеңесі атқарушы комитетіне төраға болып тағайындалуы украиналық саяси спектрдің, атап айтқанда парламенттегі көпшіліктің оған сенімсіздікпен қарайтынын көрсетеді. Бұл жерде біздің ойымызша, Грузияның Украинаның стратегиялық серіктесі ретіндегі позициясы ескерілген. Дегенмен, Грузия сот жүйесі соттап, іздеуде жүрген адамды еліміздің стратегиялық серіктесінің жаңа қызметке тағайындауы көп сұрақ туындатады. Осыған байланысты Украинадағы төтенше және өкілетті елші Теймураз Шарашенидзені Тбилисиге шақырту туралы шешім қабылданды», - дейді ол.

Дегенмен, Залкалианиге сенсек, Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасты бұзу туралы мәселе көтеріліп жатқан жоқ.

Еске сала кетейік, 7 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Михаил Саакашвилиді Ұлттық реформа кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы етіп тағайындаған болатын.


Соңғы жаңалықтар